«Абай әлеміне саяхат» клубы
«Абай әлеміне саяхат» клубы
«№ 9 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-де 14 желтоқсан күні «Абай әлеміне саяхат» клубының салтанатты ашылу рәсімі болды.
Клубтың мақсаты: әлемдік мәдениетке сарқылмас мол мұра қосқан қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының еңбектеріндегі рухани құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіріп, өмірлік азығына, ұстанымына айналдыру. Абайдың шығармашылығы арқылы оқушылардың танымын арттыру, тәрбиеге толы асыл мұраларын құрметтеу.
Іс-шараның салтанатты ашылуы екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімінде қаламыздағы Абайдың әдеби-мемориалдық қорық мұражайы мен Абай атындағы кітапханаға экскурсия ұйымдастырылып, оқушылар Абайдың өмір жолы мен шығармашылығы жайлы терең мағлұматтар ала отырып, киелі мұражай қабырғасында клуб мүшелігіне қабылданды.
Екінші бөлімінде 1-10 сынып оқушылары мектебіміздің сахна төрінде Абай өлеңдерінен үзінділерді жатқа оқыды. Сондай-ақ 5 «Б» сынып оқушылары елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ұлы Абай туралы айтқан сөздерін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жатқа айтты. «Абай әлеміне саяхат» клубының мүшелеріне арнайы дайындалған төсбелгілер мен галстуктер тағылды. Мектебіміздің директоры Тегай Наталья Владимировна оқушыларды құттықтап, оларға Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа біліп, ерекше қастерлеп, жас жеткіншектерге мұра етіп жеткізу керектігін айтты.
Клуб мүшелігіне қабылданған оқушылар үлкен жауапкершілікті сезініп, ерекше көңіл-күйде болды. Іс-шараның соңы арнайы ұйымдастырылған концерпен жалғасты.
«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...», «Адам болам десеңіз..., .... бес асыл іс көнсеңіз» деген ұлы Абайдың ұлағатты сөздерін бойына сіңіріп өскен ұрпақтың болашағы зор болары сөзсіз.