Қаржылық сауаттылық / Финансовая грамотность
Оқыту медиа порталы FinGramota.kz -ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру агенттігі іске асыратын жобалардың бірі. Бұл ақпараттық-түсіндіру сипатындағы эксклюзивті танымдық материалдары, қаржылық жаңалықтары, оқыту роликтері, түрлі-түсті инфографикасы және қаржылық сауаттылық бойынша басқа да ақпараттары бар бірегей алаң. Сайт FinGramota.kz қаржылық сауаттылықтың әртүрлі деңгейлері мен әртүрлі қаржылық мүмкіндіктері бар кең аудиторияға арналған.